Головкин Майқұдыққа келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Майқұдыққа келеді © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағандыдағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағандыдағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий GGG Головкин" тобының мәліметі бойынша, спорткешен Майқұдықта - спортшының туып өскен ықшамауданында орналасқан. Үш қабатты ғимаратта ұзындығы 25 метр бассейн, ауыр атлетика залы, көреремендер отыратын орны бар әмбебап ойын және бокс залы бар.

Спорт кешенін Головкиннің өзі ресми түрде 7 маусымда ашады. Салтанатты шараға Қарағандының спорт мектептері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады. Спорт кешенінде балалар үшін дайындықтар тегін болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен спорт кешеніне Геннадий Головкиннің аты беріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети