Головкин Мейвезермен жұдырықтасу үшін 154 фунтқа дейін түсуге дайын - Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Мейвезермен жұдырықтасу үшін 154 фунтқа дейін түсуге дайын - Санчес © poedinoktv.net

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин егер америкалық боксшы Флойд Мейвезер спортқа қайтып келетін болса, бірінші орта салмаққа дейін түсуге дайын. Бұл туралы қазақстандықтың бапкері Абель Санчес WorldBoxingNews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Соңғы кездері Мейвезердің қайтып келгені туралы естімедім. Егер ол қайтып келетін болса, Головкин онымен қуана жұдырық түйістіреді. Бұл үлкен жекпе-жек болмақ, сондықтан Головкин ол үшін 154 фунтқа дейін түсуге дайын. Әрине, Мейвезер өзін жақсы қалыпта ұстайды, алайда оның қайтып келген-келмегенін ешкім білмейді", - деді Санчес.

Айта кетейік, жеңіліп көрмеген әлемнің экс-лидері, боксшылар арасындағы рейтингте көш бастаған Мейвезер соңғы кездесуін 2015 жылдың қыркүйегінде өткізген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети