Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күніне жоспарланған орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу өтпейтінін хабарлады, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы.

"Менің ойым: жекпе-жек (Головкин-Канело) өтпейді. Невадада тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18 сәуірге ауыстырылды. Енді жекпе-жектің 5 мамырда қалай өтетінін елестете де алмаймын", - деп келтіреді Сулейманның сөзін ESPN Deportes порталы.
Еске салайық, 27 наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10 сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18 сәуірге ауыстырылды.
Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5 мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.
28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.
29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.