Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді . "Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше", - деді Головкин.
Альварес өзін қолдаған барлық адамға алғыс білдірді. "Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше", - деді Альварес.
Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз арбасты.
Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.