Әлемнің бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы Бернард Хопкинс қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек келесі жылы өткізіледі деп ойлайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хопкинстің айтуынша, осы жекпе-жек бокстын беделін көтереді, алайда мұны көпке созбау қажет.
"Менің ойымша, бұл кездесу келесі жылы ұйымдастырылады. Ол өткізілуі тиіс, себебі осы кездесуді жанкүйерлер асыға күтіп жүр, мен де көргім келеді. Бұл кездесу тарихта қалмас, бірақ бокстың беделін көтерері анық. Бұл жекпе-жек арқылы ірі кездесулер өткізуге болатынын көрсетеміз. Бірақ көпке созбау керек. Келесі жылы екі боксшының жұдырықтасқанын көреміз деп сенемін, - деп жазады BoxingScene.com Хопкинстің сөзін.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек биыл өтуі тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы жұдырықтасудан бас тартып, белбеуін жекпе-жексіз бере салды.