Қазақстандық Геннадий Головкин Келл Бруктан жеңіл болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннің салмағы 158,9 фунтты (72 келі 158 грам) құрады, ал оның қарсыласы ұлыбританиялық босшы Келл Бруктың салмағы - 159,4 фунт (72 келі 302 грам) болды.

Бұл кездесу Брук үшін орта салмақта (160 фунт) бірінші рет. Осыған дейін ол жартылай орта салмақта жұдырықтасқан (147 фунт). Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді.
Головкин өзінің үш белбеуін қорғайтын болады - WBC, IBF және IBO, себебі WBA Брукпен кездесуге санкция бермеген. Ұлыбританиялық боксшының титулы бәске қойылмайды. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Осыған дейін, Филиппиндік атақты боксшы Мэнни Пакьяо қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп мәлімде "GGG - құбыжық. Ол кездесуді нокаутпен аяқтайды", - деп болжады Пакьяо Головкин - Брук жекпе-жегін. Лондонда 10 қыркүйекте өтетін екі боксшының арасындағы кездесу бокс кешінің басты жаңалығы болмақ. Daily Star мәліметінше Головкин шамамен 3 миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) алады. Бұл Голвкин үшін рекордтық гонорар. Осыған дейінгі кездесулері үшін ол екі миллион доллар алған, яғни Доминик Уэйд пен Давид Лемьемен кездесулері үшін.Осыған дейін Бруктың да үш миллион фунт алатыны белгілі болған, бұл да Брук үшін рекорд. Кездесудің басқада мәліметтерін мына жерден көре аласыз.