Головкин мен Деревянченко допинг-сынақтан сәтті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Деревянченко допинг-сынақтан сәтті өтті © Jose Miranda/Frontproof Media

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жек алдында да, кейін де допинг-сынақтан сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшылар VADA мен WBC ұйымдастырған "Таза бокс" бағдарламасы аясында тексерілді. 

"Головкин мен Деревянченконы 6 қазандағы жекпе-жекке арналған допинг-сынақ бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз", - делінген VADA хабарламасында. 

Осылайша, боксшылардан алынған сынамалардың бәрі таза болып шықты. 

Айта кетейік, Головкин бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден соң ол орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети