Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жекпе алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жекпе алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан баспасөз конференциясында көз арбасқан. Головкин журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Джейкобстың ең қиын қарсылас екенін айтып өтті. Осылайша қазақстандық боксшы қандай да бір болжам айтудан бас тартты. "Мен Құдай емеспін!", - деді Головкин. Өз кезегінде боксшылардың бапкерлері Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталады деп отыр.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Сондай-ақ, осыған дейін Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша екені хабарланған болатын. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр - 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны - 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді.