Головкин мен Гилдің жекпе-жегін 100-ден астам ел тамашалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Гилдің жекпе-жегін 100-ден астам ел тамашалайды Фото Геннадий GGG Головкиннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Геннадий Головкин мен Дэниель Гил арасындағы жекпе-жектің теледидар арқылы тарату құқығын әлемнің 100-ден астам мемлекеті сатып алыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Дэниель Гил арасындағы жекпе-жектің теледидар арқылы тарату құқығын әлемнің 100-ден астам мемлекеті сатып алыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Геннадий Головкиннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы оның промоутері Том Леффлер таратты.

Билеттер өте жақсы сатылып жатыр. “Madison Square Garden“ (Мэдисон Сквер Гарден) аренасы мұндай сатылымға дән риза. Осы “жекпе-жек өтеді“ дегеннен бері олар тек жылы лебіздер естіп жүр. Бұл жекпе-жектің олардың беделдерін өсіре түсіріп, оларға деген сенім деңгейін арттырары анық. Бүгінде төмендегі трибуналар мен арена ложаларының билеттері сатылып жатыр. Ал мұның бәрі – 11 мыңға жуық билет. Бұл – Геннадий Головкиннің өткен жолы Кертис Стивенспен “Madison Square Garden“ театрында айқасқандағы жекпе-жегімен салыстырғанда, өте үлкен серпіліс. Біз 26 шілде күні лық толы жанкүйерлерді күтеміз“, – деп жазған промоутер.

Содан соң “Әрі бұл жекпе-жек "НВО" арқылы ғана көрсетіліп қоймайды, 100-ден астам мемлекет осы жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алды. Мен олардың арасында Австралиядағы PPV да бар екенін білемін. Жалпы, бұл жекпе-жекке бүкіл әлем қызығушылық танытып отыр“, – деп қосыпты Том Леффлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети