Геннадий Головкин мен Дэниель Гил арасындағы жекпе-жектің теледидар арқылы тарату құқығын әлемнің 100-ден астам мемлекеті сатып алыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Геннадий Головкин мен Дэниель Гил арасындағы жекпе-жектің теледидар арқылы тарату құқығын әлемнің 100-ден астам мемлекеті сатып алыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты Геннадий Головкиннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы оның промоутері Том Леффлер таратты.
“Билеттер өте жақсы сатылып жатыр. “Madison Square Garden“ (Мэдисон Сквер Гарден) аренасы мұндай сатылымға дән риза. Осы “жекпе-жек өтеді“ дегеннен бері олар тек жылы лебіздер естіп жүр. Бұл жекпе-жектің олардың беделдерін өсіре түсіріп, оларға деген сенім деңгейін арттырары анық. Бүгінде төмендегі трибуналар мен арена ложаларының билеттері сатылып жатыр. Ал мұның бәрі – 11 мыңға жуық билет. Бұл – Геннадий Головкиннің өткен жолы Кертис Стивенспен “Madison Square Garden“ театрында айқасқандағы жекпе-жегімен салыстырғанда, өте үлкен серпіліс. Біз 26 шілде күні лық толы жанкүйерлерді күтеміз“, – деп жазған промоутер.
Содан соң “Әрі бұл жекпе-жек "НВО" арқылы ғана көрсетіліп қоймайды, 100-ден астам мемлекет осы жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алды. Мен олардың арасында Австралиядағы PPV да бар екенін білемін. Жалпы, бұл жекпе-жекке бүкіл әлем қызығушылық танытып отыр“, – деп қосыпты Том Леффлер.