Головкин: Мен жанкүйерлерге сыйлық жасадым

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Вилли Монро кішімен жекпе-жегі кезінде кездесудің көркін келтіру үшін оған мүмкіндік бергенін айтты. Боксшы бұл туралы кездесуден кейін берген сұхбатында айтты.
 
"Бірінші раундтарда Монро саған соққысын дарыта алмай жатты, ал кейін бірнеше рет дөп тиді. Не боп қалды?" деген сұрағына ол бірінші уақытта кімнің кім екенін көрсеткісі келгенін, кейін оған мүмкіндік беріп көргенін айтты. "Мен оған өз әрекетіммен "Шоу жасайық" дедім. Мен бұл жекпе-жекті бақылауда ұстадым және бәрін байқап отырдым. Бұл менің жанкүйерлеріме жасаған сыйым", - деді Головкин. 
 
Сонымен қатар, Головкин алдағы кездесулерін кімдерге қарсы өткізуі мүмкін екенін атап өтті. "Мен Коттоны құрметтеймін, ол чемпион, бірақ мен осы бір үлкен жекпе-жекті күтетін боламын. (...). Ал Альвареспен мен қазір, болашақта емес, қазір жұдырықтасқым келеді", - деді ол. Ал Андре Уорд туралы қойылған сұраққа Головкин онымен кездесуге шықпайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл қарсылас көрерменге әзірше қызықты емес және ол рингке шықпағанына көп болды.
 
Айта кетейік, бүгін, 17 мамырда WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Вилли Монро кішіні алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer