Головкин мен Канело абсолют әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады - промоутер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©ringtv.com ©ringtv.com

Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, "Канелоның" екі таңдауы бар - қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек немесе өзі мамырдың басында сенсациялық түрде жеңіліп қалған ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) реванш.

"Канело алдында екі нақты нұсқа тұр. Біріншісі - екінші орта салмақтағы "абсолют" атағы үшін Головкинмен трилогия, содан кейін Дмитрий Биволмен реванш. Себебі "Канело" не болса да Биволмен рематч өткізеді. Немесе реванш бірінші болады. 

Биволмен жекпе-жек алдында барлығы Головкинмен үшінші кездесу "Канело" үшін жеңіл болады деп ойлаған. "Канело" Дмитрийді жеңгенде, онда трилогияда сөзсіз жеңіске үміткер болар еді. Бірақ қазір "Канелоға" қатысты сұрақтар туындағаны рас. GGG оны үшінші жекпе-жекте жеңе ала ма? Қазір ол біршама бәсекеге қабілетті.

Біз "Канело" мен Эдди Рейносомен бірге әрі қарайғы әрекеттерді талқылағымыз келеді. Жеке өзім кез келген нұсқаға риза боламын. Головкинмен жекпе-жек, мүмкін, әлі де бокстағы ең үлкен оқиға саналады. Ал Биволмен реванш - "Канело" үшін қауіпті және қиын жекпе-жек. Оған спортшы карьерасында алғаш рет андердог мәртебесімен шығады", - деді Херн DAZN Boxing Show-ға берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer