01 ақпан 2018 | 12:21

Головкин мен "Канело" екінші рет қайда жұдырықтасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Los Angeles Times басылымының тілшісі Лэнс Пагмайр өзінің кезекті мақаласында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес 49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуді қабылдауға Лас-Вегастың Нью-Йорктан бірнеше артықшылығы бар екенін жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Los Angeles Times басылымының тілшісі Лэнс Пагмайр өзінің кезекті мақаласында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес 49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуді қабылдауға Лас-Вегастың Нью-Йорктан бірнеше артықшылығы бар екенін жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канелоның" командасы қазіргі уақытта екінші жекпе-жектің Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өткенін қалап отыр. Ал Головкиннің командасы кездесудің Нью-Йорктағы Madison Square спорт кешенінде өткенін қалайды.

"Madison Square Garden спорт кешенінің билет сатылымы бойынша көп ақша түсіретініне қарамастан, T-Mobile спорт кешенінің жекпе-жекті қабылдауға мүмкіндігі көп. Невада штатында боксшылары табысынан өкіметке ешқандай салық төлемейді. Боксшылардың командаларына және спортшыларға арналған жер де қолайлы. Одан бөлек, жекпе-жек өтетін аптада ашық жаттығу жұмыстарын өткізетін жақын жерде бірнеше зал бар. Салмақ өлшеутін және баспасөз жиыны өтетін жерге жету жанкүйерлер үшін де қолайлы. Сонымен қатар, Лас-Вегаста бәс тіген адамдар көп. Бұл да жекпе-жекке қосымша табыс түсіреді. Оның үстіне бұл жер жұлдыздар үшін де ыңғайлы. Қонақ үйлер де арзан", - деп жазады автор.

Айта кетейік, екінші кездесуді Лас-Вегастың қабылдауға мүмкіндігі көп екені туралы UCNLive порталының тілшісі Стив Ким де жазған болатын.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу "T-Mobile Arena" спорт кешенінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатқан еді. Сонымен қатар бұл кездесудің билеттер сатылымы бойынша көрсеткіш бокс тарихында үшінші орынға жайғасты.

Ал Daily Mail баслымының дерегі бойынша, бірінші кездесуде қазақстандық боксшы 25 миллион доллар табыс тапса, мексикалық боксшы отандасымызға қарағанда 10 миллион долларға көп табыс тапқан.

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети