Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек нешеде басталатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Промоутердің сөзінше, бокс әлемінде көпшілік күткен жекпе-жек Американың шығыс уақыты бойынша кешкі сағат 23-тен кеш басталмайды.
"Негізгі оқиға 23-тен кеш басталмайды, Шығыс жағалауда. Сонымен, барлық автор мен жанкүйерлерге, Сіздерге 12 немесе түнгі бірге дейін ұзақ күту қажет болмайды. Сіздер бұл жекпе-жекті шығыс уақыты бойынша сағат 23:00-де тамашалай аласыздар", - деп мәлімдеді Де Ла Хойя.
Осылайша, Астана уақыты бойынша Голвкин-Альварес жекпе-жегі жексенбіде, 17 қыркүйекте сағат таңғы 9.00-де басталады. Бокс кеші 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. АҚШ-та ол ақылы көрсетілім жүйесі (PPV) арқылы HBO арнасында көрсетіледі. Бүгін, 22 маусымда билеттер сатылымы басталады.
Еске салайық, WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы Геннадий Головкин осы жекпе-жектен бокстан кетуі мүмкін екені айтқан. Ал "Канело" тек Головкиннен мықты екенін дәлелдегісі келетінін айтты.