Головкин мен Канело трилогиясы: боксшылар қанша гонорар алатыны айтылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Канело трилогиясы: боксшылар қанша гонорар алатыны айтылды Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Elfinanciero басылымы алдағы трилогияның қорытындысы бойынша Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің гонорарларын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Elfinanciero басылымы алдағы трилогияның қорытындысы бойынша Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің гонорарларын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Дереккөз мәліметінше, оларға жекпе-жек нәтижесіне қарамастан Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен арадағы келіссөз арқасында рингке шыққаны үшін миллиондаған гонорарға кепілдік берілген.

Геннадий Головкин 8 миллион доллар табады және PPV, басқа да қосымша кірістер есебінен жалпы 45 миллион долларға дейін алады.

Альварес GGG-мен жекпе-жек үшін 65 миллион долларға дейін алады, 10 миллионы - негізгі төлемі, ал қалғаны - хабар тарату құқығы, ақылы көрсетілім (PPV) және демеушілік.

Айта кетейік, бірінші жекпе-жекте Канело 40 миллион, ал Головкин 22 миллион табыс тапқан болатын. Екінші жекпе-жекте екеуі де 30 миллион табыс тапқан.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Олар бұған дейін де жекпе-жекке шыққан еді. 2017 жылы тең ойын болса, ал 2018 жылы мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети