Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин мен "Канело" үшінші жекпе-жек келісімшартына қол қойды 02 наурыз 2022, 10:49

Орта дивизиондағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело"
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта дивизиондағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұған дейін Альварес төрт титулды сарапқа салатыны айталған болатын.

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтуі мүмкін. Головкин мен Канелоның алдыңғы екі жекпе-жегі де осында өткен болатын. Еске салайық, бірінші кездесуде екі боксшы тең түсіп, қарымта кездесуде мексикалық жеңіске жеткен еді.

Трилогияға дейін екі боксшы да көктемде өтетін жекпе-жегінде жеңіске жетуі керек: Головкин сәуірде супер орта салмақта WBA чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті