24 қазан 2017 | 09:25

Головкин мен "Канелоның" реваншы өтпей қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Бірнеше күн бұрын Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мамырда Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин кездеспеуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл туралы Allboxing.ru жазған.


Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше күн бұрын Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мамырда Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин кездеспеуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл туралы Allboxing.ru жазған.

Промоутердің айтуынша, қазақстандық пен мексикалықтың реваншы 16 желтоқсанда Давид Лемье Билли Джо Сондерсті жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әшем чемпионы белбеуін иеленсе, өтпей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Альварестің қарсыласы Лемье болуы мүмкін. 

GGG бапкері Абель Санчес осы жағдайға қатысты пікір білдіріп үлгеріпті. "Мұндай жағдай болмайды деп үміттенемін. Жекпе-жек қарсаңында олар Головкинді нокаутқа түсіреміз деді, ал енді осы жолмен жүргісі келеді. Бастапқыда олар (2016 жылы) белбеуді бере салды, енді Головкиннен қашып, Лемьеге барғысы келеді. Егер ол Головкиннің "қалдығын" жеңсе, бұл бокс үшін қайғылы жағдай болады", - деп мәлімдеді ол BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында. 

Ал мұның алдында Головкин мен "Канелоның" кездесуі 2018 жылдың көктеміне белгіленгені хабарланған еді. Командалар келіссөздерді бастап та кеткен-мыс. Кездесу 5 мамырға белгіленді деген де сыбыстар шыққан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети