17 қаңтар 2018 17:16

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жек туралы келісімшартта үшінші кездесу туралы неге көрсетілмейтінін түсіндірді.


Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жек туралы келісімшартта үшінші кездесу туралы неге көрсетілмейтінін түсіндірді.

"Біржақты пункттер бар. Егер жекпе-жек болса, 5 мамырда өтеді. Екі тарап тағы бір жекпе-жек туралы алаңдағанша, бар күшін қарымта жұдырықтасуды ұйымдастыруға салуға келісті. Сондықтан бұл мәселе қозғалған жоқ. Бұл сияқты даңқты чемпиондар жұдырықтасатын үлкен жекпе-жекте талқылайтын тұстар жетерлік. Қол қоюға жақын қалдық, дегенмен, қол қойылғанша ешқандай хабар бере алмаймыз", - дейді Леффлер K.O. Artist Sports баслымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети