Головкин мен "Канелоның" жанкүйерлермен кездесуінде шатақ шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен "Канелоның" жанкүйерлермен кездесуінде шатақ шықты Леффлер, Головкин және Санчес. Сурет: Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лос-Анджелесте жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Кездесу 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке қатысты болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лос-Анджелесте жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Кездесу 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке қатысты болды. 

Боксшылар көз арбасып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Шара соңында Головкин мен Альвареске қатысты шатақ шықты. 

Баспасөз мәслихаты кезінде, "Канело" және Головкиннің бапкері керісіп қалып, жиналғандарды қоздырды. 

"Канело жылдамдық аустыру қорабын түзейтін маман тапты деп үміттенем, әйтпесе, алғашқы жекпе-жекте ол артқа ғана қозғалды. Білетінім жекпе-жек соңында жанкүйерлер наразылығын білдіріп гуілдеді және ол Головкинге қарата болған жоқ. Екінші жекпе-жекті ұйымдастыруға ұзақ уақыт кетті, өйткені "Канело" емделуі керек болды және алғашқы жекпе-жек туралы ұмыту қажет еді", - деді Санчес. 

Головкиннің промоутері Том Леффлер де бұдан шет қалған жоқ. Ол "Канело" төрешілерге неліктен ұнайтынын түсіндірді. Еске салайық, қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек мексикалықтың пайдасына 118-110 есібмен аяқталған боалтын. Нәтижесінде жекпе-жек тең аяқталды деген шешім қабылданды. 

"Бірінші жекпе-жек арқасында екі боксшы да жаңа деңгейге көтерілді. Бұл мега жекпе-жек болды. Алайда Канело кез келген үлкен жекпе-жекте бір төрешінің болса да өз пайдасына ұпай жазып беретініне сенімді бола алатын сияқты. Бұл оның сары шашына байланысты шығар, осы арқылы төрешілерге әсер ететін шығар. Сол үшін Головкин мен Абель Санчес келесі жекпе-жекті айқын басымдықпен жеңу үшін бәрін жасайды. Геннадий бірінші кездесуінде жеңіске жеткеніне сенімдіміз. Ол қысымды күшейтуге ынталы. Доктор Албель Санчес қысымды күшейтпек, сөйтіп Лас-Вегаста "Синко де Майо" көреміз", - деп келтіреді Леффлердің сөзін AllBoxing.Ru.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети