Американың Badlefthook.com порталы оқырмандарына АҚШ тұрғындарының Головкин жекпе-жегіне қанша ақша бере алатынына болжам жасауды ұсынды (бір трансляцияға 70 доллар), - деп хабарлайды Vesti.kz.
Американың Badlefthook.com порталы оқырмандарына АҚШ тұрғындарының Головкин жекпе-жегіне қанша ақша бере алатынына болжам жасауды ұсынды (бір трансляцияға 70 доллар), - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым тұспал болу үшін кіші Мейвезердің соңғы кездесуі, яғни Бертомен жекпе-жегін ұсынды. Бұл жекпе-жекке барлығы 400 мың трансляция (ең оптимистік болжам бойынша 550 мың) сатып алынған. Алайда ShowTime телеарнасының ұйымдастырушылары бұл жекпе-жекті сәтсіз деп бағалады. Себебі ол 40 миллион доллар алған телеарна үшін шығынды болды, бұл соманың жартысы бас ұйымдастырушы Эл Хэймонға берілді. Сонымен қатар, ShowTime Мейвезер мен Бертоға міндетті гонорарды төлеуге мәжбүр болды - 32 және 4 миллион доллар.
Головкин мен Лемье қанша ақша табады - ол қорытынды көрсеткіштерге байланысты болады. Америка телеарналарының жұлдыздарына айналып үлгерген Головкин мен Лемье кіші Мейвезердің соңғы кездесуінен басым түсе ала ма? Badlefthook.com порталына мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады. Материал жазылған кезде 300-400 мың трансляция деген нұсқа көшбасында тұрды (21-28 миллион доллар). Толығырақ мына жерден оқуға болады.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.