15 ақпан 2015 | 10:18

Головкин мен Мюррей жекпе-жектен бір апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімін өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей жекпе-жектен бір апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей жекпе-жектен бір апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшысының салмағы - 73,94 келі, яғни ол қарсыласынан бір келіге жеңіл болып шықты, Мюррейдің салмағы 74,84 келі болды. Сөйтіп, екі боксшы да тиісті 76,2 келі деген межеден асып кеткен жоқ.

Еске салайық, Головкин - Мюррей жекпе-жегі 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles аренасында өтеді. Оны әлем бойынша HBO телеарнасы, Қазақстан бойынша "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады. 

Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Оның ішінде, 28 жекпе-жектің 18-ін қатарынан мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети