Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

Арнаның мәліметінше, олардың жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен.
"Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді", - делінген Boxing Legends TV арнасының парақшасында. Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.
Billy Joe Saunders vs GGG is on in Kazakhstan in the summer!!
— Boxing Legends TV (@BoxingLegendsTV) 23 января 2017 г.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.