Головкин мен Уэйдке өзара келісімге келуге 30 күн берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Уэйдке өзара келісімге келуге 30 күн берілді © Hbo.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Доминик Уэйдке келісімге келуге 30 күн уақыт берілді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы BoxingScene.com порталына Халықаралық бокс федерациясының (IBF) өкілі Джанетт Саласар айтып берді.

"Оларға жекпе-жек шарттарын өзара келісуге 30 күн уақыт берілді. Келісімге келе алмаған жағдайда, ақпан айының соңында промоутерлік сауда тағайындалады. Біз әуелі рейтингтегі қолайлы қарсыласты таңдаймыз. Уэйдпен келісу мүмкін болмаса, ары қарай жұмыс істей береміз", - деді Саласар.

Айта кетейік, Головкиннің келесі кездесуі 23 сәуірге белгіленді. Осыған дейін Головкиннің IBF тұжырымы бойынша чемпиондығына Туреано Джонсон таласады делінген еді. Алайда алған жарақатынан ол жекпе-жектен бас тартты. Осыдан кейін IBF Головкинге қарсылас ретінде Уэйдті тағайындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети