23 сәуір 2016 09:35

Головкин мен Уэйд жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Іnstagram.com © Іnstagram.com

22 сәуір күні Инглвудте (Калифорния, АҚШ) Геннадий  Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегі алдындағы самақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл шараны HBOBoxing арнасы YouTube арқылы тікелей трансляциялады.


22 сәуір күні Инглвудте (Калифорния, АҚШ) Геннадий  Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегі алдындағы самақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл шараны HBOBoxing арнасы YouTube арқылы тікелей трансляциялады.

Екі боксшы да тиісті межеден асқан жоқ. Головкин өз кезегінде 159 фунт (72,1 келі) салмақ көрсетсе, Уэйд 159,6 фунт (72,4 келі) болды. 

 

Айта кетейік, қазақстандық боксшының бұл кездесуден алатын гонорары - 2 миллион доллар. Ол Давид Лемьемен жекпе-жегінен де осындай қаражат алған болатын. Ал оның қарсыласы 500 мың доллар алады.


Головкин рингке "Лос-Анджелес Рэмс" клубының түсіне боялған қолғаппен шығады. © Іnstagram.com/gggboxing

Головкин-Уэйд кездесуінің андеркартында WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы, 28 жастағы Роман Гонсалес пен Маквильямсом Арройо өнер көрсетеді. Гонсалестің гонорары - 300 мың доллар, Арройо 75 мың доллар алады. 


Роман Гонсалес пен Маквильямс Арройо. © Іnstagram.com

Еске сала кетейік, Головкин мен Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандықтар кездесуді Астана уақыты бойынша 24 сәуір күні "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көре алады. Трансляция сағат 07.20-да басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети