29 тамыз 2017 11:23

Головкин: Мейвезер - МакГрегор кездесуін көрген жоқпын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Мейвезер - МакГрегор жекпе-жекгін көрмегенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Мейвезер - МакГрегор жекпе-жекгін көрмегенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 27 тамызда таңғы уақытта Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Мейвезер оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Аренаның 20 мың адамға арналғанына қарамастан, аншлаг бола қоймады, шамамен 15 мыңға жетер-жетпес адам келді. Алайда ұйымдастырушылар осы кездесуден 600 миллион доллар табыс тапқан. 

"Мейвезер - МакГрегор туралы не ойлаймын? Шынымды айтсам ештеңе ойламаймын. Мен HBO арнасын тәулігіне 24 сағат тамашалаймын (жекп-жек Showtime арқылы көрсетілді). Ол үшін кешірім сұраймын. Мүмкін келесі апта сол жекпе-жекті тамашалармын", - деді Головкин Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында. 

Осыған дейін қазақстандық боксшы Конор МакГрегормен Флойд Мейвезерді сынға алған болатын. Головкин олардың кездесуі комедиялық шоу екенін, яғни мұның нағыз спорт еместігін айтқан болатын. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети