WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық спортшы кіші Мейвезермен қызықты жекпе-жек өткізе алатын жалғыз боксшы, - деп жазды USA Today.

Басылымның хабарлауынша, Мейвезер мансап жолындағы соңғы жекпе-жегіне өзі жеңе алатын қарсылас таңдайды. Бұл үміткерлердің тізімінде ең бірінші болып ағылшын боксшысы Әмір Хан тұр.
Еске сала кетейік, кіші Мейвезер 3 мамырдағы Мэнни Пакьяомен өткен кездесуде жеңіске жетті. "Ғасыр жекпе-жегі" аталған кездесуге көптеген жанкүйердің көңілі толмады. Көрермендер 6 жыл бойы күтілген кездесу нокаутпен аяқталады деп ойлаған болатын.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті (29-ы нокаутпен). 16 мамырда Головкин америкалық Вилли Монро кішімен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді.