WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес кіші Флойд Мейвезер ринге оралса, шәкіртінің америкалық боксшының салмағына қарай икемделе бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин Мейвезерге қарсы жепке-жектің армандағы кездесу болатынын көп айтты және ол сол үшін ғана 154 фунт дәрежесіне өтетінін мәлімдеді. Егер Флойд оралуға шешім қабылдап, қалауындағы қарсыласын атаса, Геннадий оның категориясына сәйкес болу үшін бар күшін салады", - деп мәлімдеді бапкер. Қазақстандық боксшыға қатысты өзге жаңалықтарды мына жерден оқыңыздар.
Айта кетейік, 13 қыркүйекте Лас-Вегаста кіші Мейвезер отандасы Андре Бертоны жеңді, ол кездесулерінің ешқайсысында жеңіліп көрмеген. Сонымен қатар, ол жекпе-жектен кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Алайда 27 қазанда америкалық БАҚ оның рингке келесі жылдың мамырында оралуы мүмкін екенін хабарлады.