Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO версиясының чемпионы америкалық Питер Куиллин мен WBC чемпионы пуэрторикалық Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO версиясының чемпионы америкалық Питер Куиллин мен WBC чемпионы пуэрторикалық Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы WBA (Super) чемпионы өз атағын қорғап қалу мақсатында автралиялық боксшы Дэниэл Гилді жеңгеннен кейін мәлім етті. Еске саламыз, екі боксшы арасындағы жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Ол уақытта қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Ойын аяқталғаннан кейін Головкин қарсыласына алғысын білдіріп, өте мықты боксшы ретінде өзін көрсете алғанын айтты.
"Бұл ойын емес - бұл нағыз шайқас. Мен жекпе-жекке шыққанды ұнатамын және рингте әдемі қимылдар істегенді жақсы көремін", - деген Головкин Madison Square Garden-ге келген көрермендер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Ойыннан кейін Головкин орта салмақтағы титулдарды біріктіруге күш салатынын мәлімдеді. "Мен Котто мен Куиллинмен жекпе жекке шыққым келеді. Жігіттер маған хабарласыңдар, мен дайынмын. Алдымен Коттомен кездескім келеді", - деді қазақстандық боксшы.