Головкин Монродан кейін кіммен кездесетінін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Монродан кейін кіммен кездесетінін жария етті ©sk-sport.kz

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) NBC Sports радиосына қонақ болып, кіші Вилли Монромен алда өтетін кездесуінің маңызы жайында, сонымен қатар, жұдырықтасқысы келетін боксшылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) NBC Sports радиосына қонақ болып, кіші Вилли Монромен алда өтетін кездесуінің маңызы жайында, сонымен қатар, жұдырықтасқысы келетін боксшылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен қарсыластарымды түрлі стильмен ұрғым келеді, 12 раундқа созылатын жекпе-жектер мен үшін қызық емес. Монроның стилі мен үшін жаңалық, жаңа сынақ. 16 мамырда жанкүйерлер мен бокссүйерлер үшін керемет шоу болады деп үміттенемін", - деді Головкин. 

Сонымен қатар, боксшы Монродан кейін Мигель Коттомен жұдырықтасатынын айтты. Жүргізушінің "Егер ол сізбен жұдырықтасудан бас тартса не болады?" деген сұрағына Головкин бұл сұрақтың өте жақсы қойылғанын меңзеп, қандай боксшы болмасын, оған дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Головкин Флойд Мейвезер-кішімен жекпе-жекке шыққысы келетінін тағы бір қайталап айтты. Айта кетейік, Америкалық боксшы 2 мамырда филиппин боксшысы Мэнни Пакьяомен кездесу өткізеді. "Флойдпен кездесу?! Әрине, бұл менің арманым. Флойд үшін салмақ қууға дайынмын. Оның салмағына дейін жету қиын болмай ма дейсіз бе? Менің салмағым 159. Флойд үшін 154-ке түсе аламын деп ойлаймын", - деді қазақстандық боксшы. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы - кіші Вилли Монро. Қазақстан боксшысы Big Bear дайындық алаңына оралды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети