Головкин - Мурата жекпе-жегінің баспасөз мәслихаты: боксшылардың алғашқы сөзі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Мурата жекпе-жегінің баспасөз мәслихаты: боксшылардың алғашқы сөзі

Бүгін, 7 сәуірде Токиода (Жапония) әлем чемпиондары қазақстандық Геннадий Головкин мен жапон Риота Мурата қатысқан баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, алдағы жекпе-жек туралы айтты.

Мурата: "Бұл керемет кездесу және Головкинмен осында, Жапонияда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі. Мен бұған қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Кездесу орнына келіңіз. Осыны ұйымдастырған және маған осы тамаша жекпе-жекті сыйлағандарға тағы да алғыс айтамын" .

Головкин: "Осы жерді дайындағандарға рақмет. Жапонияда болу мен үшін мақтан. Муратамен кездескеніме және титулдық жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымын. Муратаны құрметтеймін. Менің ойымша, екеуміз де жақсы дайындалдық, өйткені екеумізде де көп уақыт болды. Бұл жақсы жекпе-жек болады. Мен әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, осы кездесуді ұйымдастырған промоутерлерге және үкіметке алғыс айтамын. Бұл үшін аянбай еңбек еткендердің үмітін ақтағым келеді".

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді және Головкинге тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдары мен Муратаға тиесілі WBA Super белбеуі сарапқа түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети