Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатына өз алғысын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

GGG 18 қазан күні канадалық Давид Лемьені жеңіп, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғап қана қоймай, IBF белбеуін де иеленген еді. Кеше Елбасы еліміздің атын әлемдік аренада танытып жүрген отандасымызды құттықтап, алғысхат жолдаған-ды. Бүгін боксшы алғысхатты алғанын хабарлап, ризашылығын білдірді.
"Мен Қазақстанды жақсы көремін. Президент Назарбаев жолдаған құттықтау хатқа ризашылығым шексіз", - деп жазды Головкин Twitter желісіндегі жеке парақшасында. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы ҚР Нью-Йорктегі Бас консулмен түскен суретін жариялады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс.