Жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластарының барлығынан күшті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".
Жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластарының барлығынан күшті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".
"Ол мен сияқтылармен жұдырықтасқан емес. Ол қолында уы бар адаммен кездесті. Енді ол маған қарсы шығу үшін ойланып-толғанады. Мен ол жеңген барлық боксшыны ұрып жығар едім. Мендегідей дайындықпен келген адаммен кездескен емес. Бір-екі жыл бұрын мен өлім аузынан қалғанмын, енді Головкинмен қуана жұдырықтасамын", - деді ол.
Сонымен қатар, Бруктің айтуынша, GGG де қос қолы бар, қос аяғы бар қарапайым адам. Осы жекпе-жекте мен әлемді таңғалдырамын. Меніңше, бұл менің қолымнан келеді. Осы белбеулерімді көргенде барлығы жағасын ұстайды", - деп келтіреді ағылшын боксшының сөзін BoxingScene.
Айта кетейік, боксшылардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.