WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) өзінің сүйікті соққысын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) өзінің сүйікті соққысын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшы Twitter желісіндегі микроблогында өзінің сүйікті соққысының апперкот екенін жазды. "Соққының бұл түрі өте күшті әрі қарсыласты құлата аласың", - деп жазды Головкин. Жазбасына ол Гарбриэль Росадомен болған жекпе-жектің эпизодын қыстырды. Онда апперкот соққысы көрсетіледі. Росадо мен Головкин 2013 жылдың 19 қаңтарында Нью-Йоркте кездескен болатын. Қазақстандық оның мұрнын бұзып, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелестегі The Forum аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Доминик Уэйд.