Головкин қартайды және көз алдымызда құлдырап барады - НВО шолушысы

Джим Лэмпли. © HBO.com

HBO телеарнасыны? шолушысы Джим Лэмплиді? ойынша, орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы 35 жаста?ы боксшы Геннадий Головкинні? (37-0-1, 33 КО) ж?дыры?тасуынан ?артай?анны? белгілері бар ж?не оны? ?атарынан 23 боксшыны нокаут?а т?сірген б?рын?ы GGG еместігін айтты.

HBO телеарнасының шолушысы Джим Лэмплидің ойынша, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 35 жастағы боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасуынан қартайғанның белгілері бар және оның қатарынан 23 боксшыны нокаутқа түсірген бұрынғы GGG еместігін айтты.

17 қыркүйекте таңғы уақытта Лас-Вегаста Головкин Сауль Альвареспен 12 раундтық кездесу өткізіп, жеңімпазды анықтай алмады. Осы жылдың наурыз айында қазақстандық боксшы америкалық Дэниэл Джейкобспен де 12 раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Лэмплидің ойынша, Головкин қыркүйекте өткен жекпе-жекте қолдан келгеннің барлығын істеген, алайда шолушы реванш кездесуінде қазақстандық боксшының "Канелоны" жеңетініне күмән келтіреді.

Реклама
Реклама

"Канеломен" өткен жекпе-жекті көргеннен кейін Головкиннің көз алдымызда құлдырап бара жатқанын көрдім. Меніңше, ол қартайып жатыр. Мен мұны Джейкобспен өткен кездесуден көрмеген едім, алайда мексикалықпен шыққан кезде анық байқалды. Оның аяқпен жұмысы, қарсыласын тосу, шабуылдап қысым көрсетуі - мұның барлығы жоғалған. Головкин қарсыласының денесіне небәрі сегіз соққы ғана жасады. Мен мұның Головкин сол жекпе-жекте жеңіске жетті деп ойлаған күннің өзінде-ақ айтып отырмын. Жекпе-жектен түйгенім, қазақстандық боксшы мексикалықты реванш кездесуінде жеңетініне күмән келтіремін. Егер ол жеңіске жеткісі келсе мен "жоғалтты" деп айтқанның жартысын қайтарып, басқаша қырынан көрсетуі тиіс", - деді Лэмпли BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news12
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама