Головкин - құбыжық, бірақ "Канело" жас әрі күшті - мексикалық чемпион

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - құбыжық, бірақ "Канело" жас әрі күшті - мексикалық чемпион

Жартылай жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Абнер Марес (30-2-1, 15 КО) отандасы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл қызықты жекпе-жек болады, себебі Головкин соңғы екі кездесуінде тамаша болды дей алмаймын, ал "Канело" жыртқыш. Қайтсе де, Triple G - ол Triple G. Ол - құбыжық. Бірақ "Канелоға" тігемін, себебі ол жастау, күштілеу, бұл оның уақыты", - деді Марес ES News басылымына берген сұхбатында. 

Бұған дейін қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкин қартайды дейтіндерді таңғалдыруға уәде берген еді. Мұндай пікірлер қазақстандықтың америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген кезінде айтыла бастаған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық тұңғыш рет рингте 12 раунд бойы жұдырықтасты. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. АҚШ-тағы кездесу ақылы трансляциялар жүйесі арқылы HBO телеарнасынан көрсетіледі. Бұл жекпе-жекте Головкин WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғап қалуға тырысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети