ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 09:33
Головкин рингке сәуірде оралуы мүмкін
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді, бірақ ресми нақты күні хабарланбады, - деп жазады Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді, бірақ ресми нақты күні хабарланбады, - деп жазады Vesti.kz.
Басында GGG ақпанда жұдырықтасады деген ақпарат шыққан, кейін жекпе-жек уақыты деп наурыз айтыла бастады. Бұған дейін Головкин 28 наурызда Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) жұдырықтасады деген ақпарат болған.
Алайда ESPN журналисі Стив Кимнің мәліметі бойынша, Головкиннің жекпе-жегі сәуірге шегерілген.
"Бірнеше дереккөз Вирджил Ортис 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Лос-Анджелестегі The Forum аренасында өткізетінін хабарлады. Головкин рингке сәуірде оралатын секілді. Сол күні Канадада Top Rank компаниясы Артур Бетербиевпен шоу өткізуі мүмкін", - деп жазды Ким Twitter желісінде.
Ok, multiple sources have told me that Vergil Ortiz will make his 2020 debut on March 28 at the Forum in Inglewood/Los Angeles. Look for GGG to move back to April. Also Top Rank may have a show this night in Canada with Artur Beterbiev. #boxing
— Steve Kim (@StevESPNKim) January 22, 2020Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін. Бұған дейін екі тараптың толық келіскені туралы хабарланған.
Показать комментарии
Читайте также