Головкин Рубионы екінші раундта нокаутқа жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Рубионы екінші раундта нокаутқа жіберді © twitter.com/RBRBoxing

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсоне қаласында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасының уақытша чемпионы 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубионың арасындағы жекпе-жек аяқталды. Біздің отандасымыз екінші раундта қарсыласын есінен таңдырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Головкин алаңға америкалық рэпперлер өзінің құрметіне арнайы шығарған StubHub Center атты жаңа композициясымен көтерілді.

Біздің жерлесіміз өзінің кәсіби рингтегі 31-ойынындағы 31-жеңісін көрсетті. Оның 28-і нокаутпен аяқталды. Бір айта кетерлігі, салмақ өлшеу барысында Рубионікі 73,4 келіні көрсетіп, талапқа сай келмеді. Негізі аттары аталып отырған боксшылардың салмағы 160 фунт, яғни 72,6 келіден аспауы керек еді. Ал Головкиннің салмағы - 72,1 келі. Осы үшін Рубионың ақысын 450 мыңнан 350 мыңға дейін кесіп тастаған-ды. Қазақстандық боксшы жеңіспен аяқтаған бұл ойыны үшін өзінің спорттық мансабындағы ең көп сыйақыны алмақшы, яғни 1 миллион доллар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети