Головкин салмағындағы экс-чемпион бокстан шеттетіліп, рейтингтен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин салмағындағы экс-чемпион бокстан шеттетіліп, рейтингтен шығарылды Билли Джо Сондерс.© profiboxing.ru

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта бұрынығы чемпион ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті (26-0, 19 КО) шеттеткені туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта бұрынығы чемпион ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті (26-0, 19 КО) шеттеткені туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ТalkSPORT журналисі Майкл Бенсонның мәліметінше, Сондерс жарты жылға шеттелді. Осы уақыт аралығында ол WBO рейтингінен шығарылады және оған шеттету аяқталған соң үш айдан кейін ғана қосылады.

Айта кетейік, осы күндері Панама-Ситиде WBO ұйымының жыл сайынғы конвенциясы өтіп жатыр.

Еске салайық, Сондерс қыркүйек айының соңында допингпен ұсталған болатын. Осыдан кейін ол Деметриус Андрадемен (26-0, 16 КО) жекпе-жек өткізе алмай, чемпиондық белбеуден айырылды. Белбеу намибиялық боксшыны жеңген Андрадеге өтті.

Сондерс WBO белбеуіне 2015 жылы ирландиялық Энди Лиді (35-3-1, 24 КО) жеңген соң ие болған еді. Сонымен бірге, ол бірнеше рет қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге тырысқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети