Головкин Саул Альвареспен кездесуге дайын - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Саул Альвареспен кездесуге дайын - Абель Санчес Sport.ua сайтынан

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің Саул "Канело" Альвареспен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты boxingscene.com порталына сілтеме жасап. Абель Санчес кездесудің қыркүйекте немесе келесі жылдың мамырында болуы мүмкін екенін айтты.

"Біз онымен жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Дегенмен оның промоутері Оскар Де Ла Хой шәкіртінің Головкинмен тек болашақта ғана кездесетінін мәлімдеді. Біз бұл жекпе-жектің 10 жылдан кейін емес, 2016 жылы өткенін қалаймыз", - деді Санчес.

Айта кетейік, 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Вилли Монро кішінің жекпе-жегі өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де басталады. Жекпе-жек "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети