19 желтоқсан 2020 10:00

Головкин Шереметамен жекпе-жек уақытын неге созғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN Геннадий Головкин. Сурет: DAZN

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен өткен жекпе-жегі мен келесі қарсыласы туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен өткен жекпе-жегі мен келесі қарсыласы туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, жетінші раундтан кейін Шеремета жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Поляк спортшының төрт рет нокдаунға түскенін де айта кеткен жөн.

"Мен сондай бақыттымын. Мұнда атмосфера керемет. Мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын және боксқа қайтып келгеніме қуанамын. Мен оралдым. Маған уақыт керек болды. Енді мен ақылдырақпын. Шеремета үлкен тосынсый болған жоқ, өйткені бұл жоғары деңгей. Мен өзімді жайлы сезіндім. Жақсы дайындалдым, командама рақмет.

Төрт нокдаун? Камилге және оның бұрышына "респект". Бірақ мен оны "жасап тастадым". Мен уақытты, күшті және қашықтықты сездім. Жекпе-жек біраз уақытқа созылды, мен жанкүйерлердің ләззат алғанын қаладым", - деді Головкин жекпе-жектен кейін.

Ол келесі қарсыласы туралы да айтты. "Мен бәріне, үздіктер мен чемпиондарға ашықпын. Соның ішінде "Канело" - Смит жекпе-жегінің жеңімпазына. Келесі жолы үздік жекпе-жек өткіземіз деп уәде беремін", - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин 21-ші рет титулын сәтті қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Осы жекпе-жекке дейін екеуінде де чемпион мәртебесінде 20 жеңіс болған - бұл дивизионның рекорды. Америкалық спортшы мұны 1995-2005 жылдар аралығында жасаған, ал GGG бұл жетістікке екі жыл азырақ уақытты жетті (2010-2018).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети