Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) швейцариялық сағаттарды өндіруші - Hublot компаниясымен жұмыс істей бастағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Головкин Instagram және Twitter желісіндегі парақшаларында жазды. "Hublot компаниясымен жұмыс істей бастағаныма қуаныштымын. Hublot өкілі болу мен үшін үлкен құрмет", - деп жазды Головкин.
Айта кетейік, осыған дейін Hublot компаниясының қазақстандық боксшыға арнап арнайы сағат шығаратыны туралы айтылған болатын. Бастапқыда сағаттар тек Мексикада сатылады екен.
I am pleased to announce the beginning of cooperation with the @hublot and honored to be a #HublotAmbassador. pic.twitter.com/xgHBPvcVv0
— Gennady Golovkin (@GGGBoxing) 14 марта 2017 г.