WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымындары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық bleacherreport.com спорт порталының нұсқасымен соққысы ең ауыр боксшылардың рейтингінде екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкиннің ауыр соққылары жылдам әрі ықшам. Оның джебі - таран, солайша ол күшті комбинацияларды жылдам әрі дәл жасайды. Головкин бокстағы үздік панчерлердің бірі. Бірақ ол өз дивизионында жұлдызға айналса да, "А" классындағы қарсыласты жеңіп көрмеген. Ал әзірше ол оларды жеңбесе, Головкиннен ұздік панчерлер бар деп санауға болады", - деп жазады басылым. Рейтингте бірінші орынды ресейлік боксшы Сергей Ковалев алып отыр.
ТОП-10 тізімі:
10. Энди Ли
9. Артур Бетербиев
8. Кейт Турман
7. Деонтей Уайлдер
6. Роман Гонсалес
5. Адонис Стивенсон
4. Владимир Кличко
3. Рэндалл Бейли
2. Геннадий Головкин
1. Сергей Ковалев
Осыған дейін Геннадий Головкиннің 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингінде көш бастағаны хабарланған еді.