Головкин - Сондерс супер жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Сондерс супер жекпе-жегінің қашан және қайда өтетіні белгілі болды © YouTube

Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен отандасы Мартин Мюррей (36-4-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жектен бас тартқаннан кейін алдағы жопары жайлы білді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен отандасы Мартин Мюррей (36-4-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жектен бас тартқаннан кейін алдағы жопары жайлы білді, - деп хабарлайды Vesti.kz

3 маусымда Сондерс жарақатына байланысты Мюрреймен 23 маусымда Лондонда өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартты. WBO чемпионы осыған дейін де жекпе-жекті кейінге қалдырған еді. 

Мюррей қазіргі уақытта өзіне қарсылас іздеп жатыр. Оның айтуынша, Сондерс жарақатын сылтауратып орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) не мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу үшін жарақатын сылтауратып отыруы мүмкін. 

Мюррей 2015 жылы Монакода Головкинмен шарша алаңда кездесіп, 11 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. 

Daily Mail мәліметінше, Сондерс пен оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкин мен не Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келісіп, Мюрреймен өтетін жекпе-жекен бас тартқан. 

"Сондерс - маусым соңына Мюрреймен жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, қыркүйекте "Канело" не Головкинмен жұдырықтасатын болады. Кенеттен Сондерс WBO белбеуінің арқасында орта салмақтағы ең қажетті боксшы бола қалды. Альвареске мықты қарсылас керек, ол келесі жекпе-жегін 15 қыркүйекте - Мексиканың тәуелсіздігі күні Лас-Вегаста өткізеді деп жоспарланған. Ал егер ол Головкинмен жекпе-жек өткізетін болса, онда кездесу күзде Ұлыбритания астанасы Лондондағы футбол алаңдарының бірінде өтуі мүмкін. Головкин үшін бұл абсолют чемпион болу мақсатында жақсы мүмкіндік. Ұлыбританиялық боксшының промоутері Альвареспен не Головкинмен келісімге келмесе, Мюрреймен жекпе-жек өткізуден бас тартпасы анық", - деп жазады Daily Mail.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети