Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Forbes журналы нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ендігіде Головкин үшінші орында тұр, ол өз алдына супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) шығарды. Ал көш бастап тұрған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО).
"Егер Головкин Альвареспен өткен жекпе-жегінде жеңіске жетіп, кепілдендірілген үш миллион долларды алған жағдайда, ол осы тізімде бірінші болар еді. Алайда бокс кеші тең аяқталды, сол себепті де "Канело" біріншілікте қалды", - деп жазады басылым.
Әлемдегі ең табысты 15 боксшының тізімі:
1 (1). Сауль "Канело" Альварес
2 (3). Энтони Джошуа
3 (2). Геннадий Головкин
4 (4). Теренс Кроуфорд
5 (6). Василий Ломаченко
6 (8). Эррол Спенс
7 (10). Деонтей Уайлдер
8 (13). Дэниэл Джейкобс
9 (7). Мэнни Пакьяо
10 (9). Кит Турман
11 (11). Сергей Ковалев
12 (12). Майки Гарсия
13 Джермалл Чарло
14 Джермелл Чарло
15 (15). Мигель Котто