27 қазан 2022 17:18

Головкин титулдық жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді: қарсыласы мен өтетін уақыты аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
instagram.com/gggboxing/

Әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Sport. Жекпе-жек мерзімі де аталған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист кіші Вилсон Балдини Twitter-де тараптардың жекпе-жекке келіскенін хабарлады.

"Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жекті қабылдады. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионы командасы @DAZN_BRA @DAZNBoxing-пен трансляция жасау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурызда өтуі керек", - деп жазады кіші Балдини.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Головкин келесі жекпе-жекте тек Фалькаомен ғана емес, сонымен қатар орта салмақта WBA-ның тұрақты чемпионы, тағы бір танымал кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуі мүмкін екені белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram