Головкин ТОП-20 рейтингінде үш сатыға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин ТОП-20 рейтингінде үш сатыға көтерілді Геннадий Головкин. ©REUTERS

"WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Sports.ru порталының белгілі журналистер мен блогерлері арасында өткізген сауалнама бойынша жасаған P4P рейтингінде өзінің позициясын жақсартты (салмақ дәрежесіне қарамастан)" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің мықты 20 боксшыларының жаңартылған рейтингінде Геннадий Головкин үш сатыға көтеріліп, 12 орынға табан тіреді. Көш басында американдық кіші- Флойд Мейвезер тұр. Одан кейінгі орындарды Андре Уорд (АҚШ) және бесінші орыннан үшінші орынға көтерілген филиппиндік Мэнни Пакьяо өзара бөліскен.

Естеріңізге сала кетсек Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі шілде айында өтеді деп жоспарланған. Дүниежүзілік боксшылар ассоциациясы чемпиондық атағын қорғау үшін қазақстандық боксшыға австралиялық Джаррод Флетчермен жұдырықтасуды міндеттеп отыр. Бұл Головкиннің кәсіби рингтегі 30-ыншы жекпе-жегі болмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети