Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Альварестен жеңілген Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Альварестен жеңілген Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

"Мен жекпе-жекте кімнің жеңгені туралы айтпаймын, себебі төрешілердің шешіміне сәйкес жеңіс "Канелоға" тиесілі. Жанкүйерлер үшін өте тамаша жекпе-жек болды деп ойлаймын. Мен оған қарағанда мықты жұдырықтасамын деп ойлағанмын", - деді Головкин.

Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайынсың ба деген сұраққа ол: "Дұрыс жағдай жасалса - иә", - деп жауап берді.

Альварес те Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, мексикалық боксшы екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірше содан ләззат алғысы келетінін жеткізді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети