"Головкин туралы жаман сөйлемедім". Елеусінов GGG-ге қатысты айтқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Головкин туралы жаман сөйлемедім". Елеусінов GGG-ге қатысты айтқанын түсіндірді Данияр Елеусінов. Сурет: Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің қолжетімсіздігі туралы айтқан пікірін түсіндірді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің қолжетімсіздігі туралы айтқан пікірін түсіндірді. 

Мұның алдында 27 жастағы олимпиада чемпионы америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында Головкиннің тым қашықтап кеткенін айтқан болатын. 

"Адамдардың көбі мені дұрыс түсінбеді. Головкин туралы ешқашан жаман айтып көрген емеспін. Негізі... Мәселен, Олимпиада чемпионы туралы. Головкиннен артық сыйлайтын болды деп айта бастады. Мұндай сөздерді мүлде айтқан емеспін. Мен елімізде Олимпиада чемпиондарын Ойындардан кейін лайықты қарсы алады дедім. Бізде Олимпиада чемпиондары өте сыйлы адамдар. 

Барлығы Олимпиаданы тамашалайды. Өзім туралы айтып отырған жоқпын. Мен де бір кездері Артаев пен Сәпиевке қарап өстім. Саттархановқа. Оны үнемі сыйлайтынмын, таңданатынмын. Ал Головкин нашар деп айтқан емеспін", - дейді Елеусінов. 

Оның айтуынша, журналистер оның сөзін дұрыс аудармаған. "Мен Головкин қазір көпшілік үшін жұлдыз сияқты - қолжетімсіз дедім. Көптеген қазақстандықтан қашықта. Өйткені ол үнемі шетелде. Осы менің сөзім. Нақтылайтын болсақ", - деп нақтылады боксшы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети