Геннадий Головкиннің промоутерлері Доминик Уэйдпен жекпе-жекті жоспарламаған, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты boxingnews24.com басылымына сілтеме жасап. Қазақстандық боксшының командасының Крис Юбенк немесе Билли Джо Сондерс сияқты танымал адамдармен кездесуді жоспарлағаны айдан анық.

Басылымның мәліметінше, аты шықпаған Уэйдті GGG-ге оңай шағылар жаңғақ болады деп есептеу дұрыс емес. "Бұл боксшыны нокаутқа түсіргісі келсе Головкин қиындыққа тап болуы мүмкін, себебі америкалық қорғану стилінде жұдырықтасады және қарсылас шабуылдағанда шегінгенді ұнатады. Алайда шабуыл үдегенде Уэйд қорғана түседі, осы кезде Головкин оны нокаутқа түсіре алады", - деп жазады басылым.
Қазақстандық боксшыға соққыны жылдам жасауға кеңес берілді, себебі Уэйд қайта-қайта қарсыласын "байлап" алуға дайын тұрады екен. Толығырақ: Vesti.kz