WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек "Форум" аренасында өтті. Осылайша GGG 35-ші жеңісіне қарсыласын нокаутқа түсіріп жетті. Геннадий Головкин осылайша WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалды.
Айта кетейік, қазақстандық боксшыға әйгілі әлем жұлдызы, америкалық актер, режиссер, сценарист Жан-Клод Ван Дамм қолдау білдірген еді. Олардың бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде пайда болды.
Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғайды. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттелді. Дегенмен Альварес қазақстандық боксшымен аралық салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасатынын айтып отыр.